Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды

/image/2019/10/02/71405572_1447695305368500_6480682006974824448_n.jpg

Берік Әбдіғалиұлы Қарағанды облысы Ұлытау Ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Берік Әбдіғалиұлы – 1971 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған.

1988 жылы Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектепті бітірген.

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен «тарих» мамандығы бойынша жоғары білімін аяқтаған.

1994-1995 – ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер (ҚСЗИ), 1995-1997 – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.

1997 жылы ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде БАҚ басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

1997-1998 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау және жоспарлау басқармасының бастығы.

1998-1999 жылдары  ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаментінің директоры орынбасары.

1999 жылдан 2000 жылға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің талдау орталығының меңгерушісі орынбасары.

2000-2001 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының бірінші орынбасары.

2001-2002 жылдары – Теміртау қаласы әкімінің орынбасары (Қарағанды облысы).

2002-2003 жылдары – "Ұлттық зерттеулер институты" ҰУ директоры.

2003-2004 жылдары – "Ақ жол" ҚДП сайлауалды штабының жетекшісі.

2004 жылдан 2005 жылға дейін – "Саяси білім беру қоры" ҚҚ президенті.

2005 жылдан 2006 жылға дейін – "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық Одағындағы кеңесші.

2006 жылы – Украина, Киев облысы, Вышгород қаласы мэрінің кеңесшісі.

2006 жылдан 2007 жылға дейін – "Атамекен" ұлттық даму орталығы " ЖШС директоры.

2007 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы.

2008 жылдың наурызынан – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008-2010 жж. – «Мемлекеттік тілдің дамуы бойынша Президент қоры» қоғамдық қорының директоры.

2010 жылы – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының әкімі.

2010 жылдан 2012 жылға дейін – Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы әкімі.

2012 жылы – ҚР Бірінші Вице-премьерінің кеңесшісі.

2012 жылдан 2013 жылға дейін – Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімі.

2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер.

2016 жылдан бастап ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері,

2017 жылдың мамыр айынан 2019 жылдың мамыр айына дейін – ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.

2019 жылдан қаңтардан бастап – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық архив және Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығы жанындағы «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығы жетекшісі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар